2026 жылғы 15–26 маусым аралығында Алматы қаласында Дүниежүзілік зияткерлік меншік ұйымының V Жазғы мектебі өтеді. Бұл — Qazpatent пен Қазақстан Республикасының Ұлттық ғылым академиясы бірлесіп жүзеге асыратын халықаралық жоба. Аталған бағдарлама зияткерлік меншік саласында өзекті білім алуға, жетекші сарапшылармен тәжірибе алмасуға және оқу қорытындысы бойынша ДЗМҰ-ның ресми сертификатына ие болуға мүмкіндік береді. Ол үшін қатысушылар бағдарлама сабақтарының кемінде 80 пайызына қатысып, топтық жұмыс пен пікірталастарға белсенді араласуы қажет.
Бағдарлама гибридті форматта өткізіледі:
Бірінші апта – Алматы қаласында офлайн оқу (Қазақстан Республикасы Ұлттық ғылым академиясы, Шевченко көшесі, 28);
Екінші апта – Zoom платформасы арқылы онлайн форматта.
Қатысуға өтінімдер ДЗМҰ Академиясының порталы арқылы онлайн түрде қабылданады: Сілтеме
– түйіндеме (CV);
– уәждемелік хат;
– паспорттың немесе жеке куәліктің көшірмесі.
Жазғы мектепке қатысу тіркеу жарнасын төлеуді көздейді:
– дамушы елдерден және экономикасы өтпелі елдерден келген студенттер мен жас мамандар үшін:
Студенттер – 50 АҚШ доллары
Жас мамандар – 100 АҚШ доллары
– дамыған елдерден келген студенттер мен жас мамандар үшін – 150 АҚШ доллары
Тіркелу кезеңі: 2026 жылғы 20 сәуір мен 5 маусым аралығы
Өтінім қабылдаудың соңғы мерзімі: 2026 жылғы 5 маусым
Тіркеу жарнасын төлеу кезеңі: 2026 жылғы 5 мамыр мен 5 маусым аралығы
Оқу кезеңі: 2026 жылғы 15–26 маусым
Аружан Абдыбаева
Даму және халықаралық ынтымақтастық басқармасы
«Ұлттық зияткерлік меншік институты» РМК (Кazpatent)
Тел.: +7 (7172) 621588
E-mail: summer.school@qazpatent.kz