Қазақстан Республикасы Президентінің жанындағы ҚР Ұлттық ғылым академиясы (бұдан әрі-Академия) Академия академиктерін сайлау жөніндегі конкурстың аяқталғаны туралы хабарлайды.
Қазақстан Республикасы Ғылым және жоғары білім министрінің 2024 жылғы 23 қыркүйектегі №457 бұйрығымен бекітілген Қазақстан Республикасы Ұлттық ғылым академиясы академиктерін сайлау Қағидаларына сәйкес, Академияның 2026 жылғы 20 сәуірдегі №3 Жалпы жиналысының шешімімен «Гуманитарлық және өнер ғылымдары» - «Тіл және әдебиет» бағыты бойынша Қазақстан Республикасы Президентінің жанындағы Қазақстан Республикасының Ұлттық ғылым академиясының толық мүшесі – академигі болып ТҮЙМЕБАЕВ Жансейіт Қансейітұлы сайланды.