Фото Академии

«Real Option Theory Applied to Network Industries» Коллоквиумына қатысуға шақырамыз

Қазақстан Республикасы Президентінің жанындағы Ұлттық ғылым академиясы (бұдан әрі – Академия) және Қазақстан-Германия университеті (DKU) бірлесіп Сізді мына тақырыптағы Коллоквиумға қатысуға шақырады:

«Real Option Theory Applied to Network Industries». Іс-шара 2025 жылғы 14 ақпанда сағат 14:00-де Алматы қаласы, Шевченко көшесі, 28 мекенжайында өтеді.

Іс-шараның негізгі тақырыбы – желілік индустрияларда нақты опциондар теориясын қолдану, оның ішінде күрделі инвестициялық жобаларда, мысалы, атом электр станцияларын салудағы тәуекелдерді талдау және шешім қабылдау. Лекция ағылшын тілінде жүргізіледі.

Спикер: профессор, доктор Хасан Алкас (Prof. Dr. Hasan Alkas) — нақты опциондар және инвестициялық талдау саласындағы халықаралық сарапшы.

Қатысуға экономикалық және техникалық мамандықтар бойынша докторанттар мен магистранттар шақырылады.

Қосымша ақпарат алу үшін: +7 727 355 0551

Іс-шараға қатысу үшін сілтемедегі тіркелу формасын 2025 жылғы 12 ақпанға дейін толтыру қажет

НАН РК