Қазақстан Республикасы Президентінің жанындағы Қазақстан Республикасының Ұлттық ғылым академиясы (бұдан әрі – Академия) Қазақстан Республикасы Ғылым және жоғары білім министрінің 2024 жылғы 23 қыркүйектегі №457 бұйрығымен бекітілген Қазақстан Республикасының Ұлттық ғылым академиясының академиктерін сайлау қағидаларының 32-тармағын, сондай-ақ Академия Төралқасының 2026 жылғы 9 сәуірдегі №9 хаттамалық шешімін орындау мақсатында «Гуманитарлық және өнер ғылымдары» - «Тіл және әдебиет» ғылыми бағыты бойынша Академия академигі болып сайлануға үміткерлердің бағдарламаларын қорғау кестесін орналастырады.
Бағдарламаларды қорғау 2026 жылғы 15 сәуірде өтеді.