Фото Академии

Қазақстан Республикасы Президентінің жанындағы Қазақстан Республикасының Ұлттық ғылым академиясы Наноматериалдар және жаңа буынның энергия жинақтау жүйелері жөніндегі 13-ші халықаралық конференцияның (INESS-2025) өткізілетінін хабарлайды.

  • Өткізілу мерзімі: 2025 жылғы 6–8 тамыз

  • Өткізілу орны: Назарбаев Университеті (Астана қ., Қазақстан Республикасы)

📌 Анықтама: Іс-шара Назарбаев Университетінің 15 жылдығына орайластырылған.

Ұйымдастырушылар:

  • Назарбаев Университеті (NU)

  • ҚР Президентінің жанындағы Қазақстан Республикасының Ұлттық ғылым академиясы

  • Аккумуляторлар институты (Institute of Batteries, IoB)

  • Астана ұлттық зертханасы (National Laboratory Astana, NLA)

Конференция туралы:

INESS конференциясы — наноматериалдар, тұрақты энергетика, электрохимия және материалтану саласындағы ғылыми нәтижелермен, технологиялық жетістіктермен және стратегиялық тәсілдермен алмасуға арналған беделді халықаралық алаң. Іс-шараға Қазақстан мен шет елдердің жетекші ғалымдары, инженерлері мен зерттеушілері қатысады.

INESS-2025 мақсаты — ғылыми ынтымақтастықты нығайту, озық зерттеулерді ілгерілету және отандық ғылымды жаһандық ғылыми кеңістікке кіріктіру. Конференцияға қатысу үшін ғалымдарды, зерттеушілерді, PhD докторанттарды, магистранттарды және индустрия өкілдерін шақырамыз.

Конференцияның негізгі бағыттары:

  • Озық функционалды материалдар

  • Аккумуляторлар және энергия сақтау жүйелері

  • Электрохимиялық инженерия

  • Энергия үнемдейтін және түрлендіретін жүйелер

  • Материалтанудағы компьютерлік модельдеу және теория

  • Сенсорлық технологиялар

  • Катализ және нанокатализ

Ұйымдастыру комитетінің байланыс деректері:

Барлық сұрақтар бойынша конференцияның Ұйымдастыру комитетіне хабарласуға болады: 📩 iness@nu.edu.kz

Конференцияның ресми сайты

НАН РК