РАХЫМ АЛМАБЕКҰЛЫ ОРАЗАЛИЕВТЫҢ ОТБАСЫ МЕН ТУҒАН-ТУЫСТАРЫНА КӨҢІЛ ХАТ

Қазақстан Республикасы Президентінің жанындағы Ұлттық ғылым академиясы биология ғылымдарының докторы, профессор, Қазақстанның еңбек сіңірген ғылым қайраткері, ҚР Президенті жанындағы ҰҒА-ң құрметті академигі, көрнекті ғалым-селекционер Рахым Алмабекұлы Оразалиевтің өмірден озуына байланысты оның отбасы мен туған-туыстарына, әріптестері мен шәкірттеріне қайғырып көңіл айтады.
Рахым Алмабекұлы саналы ғұмырын отандық аграрлық ғылымды дамытуға, дәнді дақылдардың селекциясы мен генетикасын зерттеуге арнады. Ол еңбек жолын агроном ретінде бастап, ұзақ жылдар бойы Қазақ егіншілік ғылыми-зерттеу институтында ғылыми қызметкер, бөлім меңгерушісі, кейін институт директоры қызметтерін абыроймен атқарды.
Ғалымның бидай селекциясы, генетикасы, физиологиясы, биохимиясы, биотехнологиясы және молекулалық биология салаларындағы ғылыми еңбектері еліміздің аграрлық ғылымының дамуына зор серпін берді. Оның жетекшілігімен көптеген жаңа сорттар шығарылып, өндіріске енгізілді. Рахым Алмабекұлы жүздеген ғылыми еңбектің, монографиялардың, патенттер мен авторлық куәліктердің авторы ретінде ғылым тарихында өшпес із қалдырды.
Ол тек талантты ғалым ғана емес, соңынан ізбасар шәкірт тәрбиелеген ұстаз, адамгершілігі мол, кісілік келбеті ерекше азамат еді. Оның жарқын бейнесі мен өнегелі ғұмыры әріптестері мен шәкірттерінің жүрегінде мәңгі сақталады.
Марқұмның отбасы мен жақындарының ауыр қайғыларына ортақтасып, сабыр мен төзім тілейміз. Жаны жәннатта, иманы саламат, жатқан жері жайлы болсын.
