Қазақстан Республикасы Президентінің жанындағы Ұлттық ғылым академиясы (бұдан әрі – Академия) шетелдік мүшелерінің сайланғаны туралы хабарлайды.
Академияның 2026 жылғы 18 тамыздағы №5 Жалпы жиналысының шешімімен Академияның шетелдік мүшелері болып төмендегі әлемдік деңгейдегі жетекші ғалымдар сайланды:
МУЗАФФЕР ШЕКЕР (Muzaffer Şeker, Түркия) – Түркия ғылым академиясының (TÜBA) президенті, PhD, профессор. Қан тамырлары, сүйек тіндері, нейроанатомия және ұрық анатомиясының морфометриялық зерттеулері саласындағы жетекші ғалым.
НАЖАТ МОХТАР (Najat Mokhtar, Марокко) – МАГАТЭ Бас директорының орынбасары, PhD. Эндокринология, метаболизмдік бұзылыстар, клиникалық нутрициология, сондай-ақ медицинада ядролық және изотоптық технологияларды қолдану саласындағы жетекші ғалым.
KAI-FU LEE (李開復, Қытай) – Қазақстан Республикасы Президентінің штаттан тыс кеңесшісі, Ph.D. Жасанды интеллект, тілтанымы және компьютерлік лингвистика бойынша жетекші маман.
ГРИФФИТС САЙМОН (Griffiths Simon, Ұлыбритания) – Бидай генетикасы және алдын ала селекция тобының жетекшісі (JIC), Ph.D. Генетика, селекция саласындағы жетекші ғалым, Ұлыбританиядағы генетикалық, геномдық және селекциялық зерттеулердің жетекшісі әрі үйлестірушісі.