2026 жылғы 15 шілдеде Қазақстан Республикасы Президентінің жанындағы Қазақстан Республикасының Ұлттық ғылым академиясы халықаралық ғылыми ынтымақтастықты дамытуға және қазақстандық ғылымның Еуропалық зерттеу кеңістігіне (European Research Area, ERA) ықпалдасуын нығайтуға бағытталған «Horizon Europe жобаларына табысты қатысудың негізгі факторы – серіктестік» тақырыбындағы халықаралық ғылыми-практикалық семинар өткізеді.

Horizon Europe – Еуропалық Одақтың ғылым мен инновациялар саласындағы ең ірі шеңберлік бағдарламасы. Бағдарлама ғалымдар мен ғылыми ұйымдарға халықаралық ғылыми-зерттеу және инновациялық жобаларға қатысуға, жетекші шетелдік ғылыми ұйымдармен консорциумдар құруға, сондай-ақ халықаралық гранттық қаржыландыру тартуға кең мүмкіндіктер ұсынады.

Семинар барысында Horizon Europe бағдарламасының ашық конкурстары, халықаралық серіктестерді іздеу тетіктері, еуропалық ұйымдардың табысты зерттеу консорциумдарын қалыптастырудағы тәжірибесі, сондай-ақ бәсекеге қабілетті жобалық өтінімдерді әзірлеуге қатысты практикалық ұсынымдар таныстырылады.

Қатысушылар бағдарламаның мүмкіндіктері туралы жан-жақты ақпарат алып, шетелдік әріптестермен кәсіби байланыс орнатуға, сондай-ақ бағдарлама сарапшыларынан өздерін қызықтырған сұрақтарға жауап алуға мүмкіндік алады.

Іс-шараның ғылыми қауымдастық үшін маңыздылығын ескере отырып, халықаралық ғылыми-зерттеу және инновациялық жобаларға қатысуға қызығушылық танытатын барлық мүдделі тұлғаларды семинарға қатысуға шақырамыз.

Өтетін күні мен уақыты: 2026 жылғы 15 шілде, сағат 14:00–17:00.

Өтетін орны: Алматы қаласы, Ғылым ордасы, Шевченко көшесі, 28, 3-қабат, Кіші зал.

Өткізу форматы: аралас форматта (офлайн және онлайн).

Қатысушыларды тіркеу:
https://forms.gle/ph2wy8Cg56hzW3i68

Zoom платформасы арқылы онлайн қатысу сілтемесі:
https://us06web.zoom.us/j/81237569701?pwd=HV2jj2vZMRLQxy5aZe8Nmmix8g1H9e.1

Фото Академии
НАН РК