ҚАЗАҚСТАННЫҢ МАЛ ШАРУАШЫЛЫҒЫ: ИННОВАЦИЯЛАР МЕН ТҰРАҚТЫ ДАМУҒА БАҒЫТ

25 маусым 2026 12
ҚАЗАҚСТАННЫҢ МАЛ ШАРУАШЫЛЫҒЫ: ИННОВАЦИЯЛАР МЕН ТҰРАҚТЫ ДАМУҒА БАҒЫТ
2026 жылғы 25 маусымда Қазақстан Республикасы Президентінің жанындағы Қазақстан Республикасының Ұлттық ғылым академиясы еліміздің барлық өңірлерінен жетекші ғалымдарды, аграрлық бизнес өкілдерін, жоғары оқу орындары мен ауыл шаруашылығы өндірушілерін біріктірген дөңгелек үстел өткізді.
Қатысушыларға құттықтау сөзбен «Агробиоресурстар және экология» жөніндегі ғылымдар бөлімшесінің төрағасы, ҚР Президенті жанындағы ҚР ҰҒА академигі Ерлан Туруспеков сөз сөйледі. Дөңгелек үстел модераторы – ҚР Президенті жанындағы ҚР ҰҒА құрметті академигі Әбдірахман Омбаев болды.
Кездесу барысында қатысушылар отандық мал шаруашылығын дамытудың негізгі мәселелерін талқылады: заманауи технологияларды енгізу, кадрлық әлеуетті нығайту, сондай-ақ ғылым, білім және өндіріс арасындағы өзара іс-қимылды кеңейту.
Дөңгелек үстел қорытындысы бойынша саланы дамытуға бағытталған ұсынымдарды қамтитын резолюция қабылданды. Басым бағыттар 
Іс-шара ғылым, тәжірибе және инновацияларды біріктіру саланың тұрақты дамуы мен елдің азық-түлік қауіпсіздігін қамтамасыз етудің негізі екендігін көрсетті.
НАН РК