Ғылыми қауымдастықтың, бизнес өкілдерінің және басқа да мүдделі тараптардың ғылымды мемлекеттік әкімшілендірудің жыл сайынғы анонимді сауалнамасы

25 тамыз 2026 8
Ғылыми қауымдастықтың, бизнес өкілдерінің және басқа да мүдделі тараптардың ғылымды мемлекеттік әкімшілендірудің жыл сайынғы анонимді сауалнамасы

Қазақстан Республикасы Президентінің жанындағы Қазақстан Республикасының Ұлттық ғылым академиясы 2026 жылғы 25 тамыз бен 30 қыркүйек аралығында ғылыми қоғамдастықтың, бизнес өкілдерінің және басқа да мүдделі тараптардың ғылымды мемлекеттік басқаруға қанағаттану деңгейін бағалауға бағытталған жыл сайынғы анонимді сауалнама өткізеді.

Қанағаттану деңгейін бағалауға арналған онлайн сауалнама ғылымды мемлекеттік әкімшілендірудің әртүрлі аспектілерін өлшейтін 32 индикатордан тұрады, соның ішінде стратегиялық жоспарлау, реттеу, қаржыландыру және инфрақұрылымды қолдау, ғылыми зерттеулерге конкурстар өткізу, ғылыми кадрларды даярлау және дамыту, бизнес пен ғылым арасындағы өзара іс-қимылды қамтамасыз ету, мониторинг және талдау.

Сауалнама нәтижелері қолданыстағы жүйенің күшті және әлсіз жақтарын анықтауға, әкімшілендіру сапасын жақсарту бойынша ұсынымдар әзірлеуге, мемлекет пен стейкхолдерлер арасындағы сенім мен ынтымақтастықты нығайтуға, ресурстарды оңтайландыруға және ұлттық ғылымның бәсекеге қабілеттілігін арттыруға мүмкіндік береді.

Сауалнама 15 минутқа дейін созылады. Сіз өзіңіз кездестірмеген мемлекеттік ғылымды басқару көрсеткіштері мен аспектілері бойынша «жауап беруге қиналамын» опциясын таңдай аласыз.

 

Сауалнама анонимді. 2026 жылғы 30 қыркүйекке дейін сауалнамаға қатысуға шақырамыз.

 

Ғылыми қоғамдастықтың ғылымды мемлекеттік басқаруға қанағаттану деңгейін бағалау

https://www.surveymonkey.com/r/GF7FBZC

 

 

Бизнес өкілдері мен басқа да мүдделі тараптардың ғылымды мемлекеттік басқаруға қанағаттану деңгейін бағалау

 https://www.surveymonkey.com/r/VCVV2N3

НАН РК