Құрметті әріптестер! InCites платформасында 2025 жылға арналған квартильдер бойынша деректер жаңартылып, өткен жылдың қорытындыларын шығаруға мүмкіндік туды.

27 маусым 2026 17
Құрметті әріптестер! InCites платформасында 2025 жылға арналған квартильдер бойынша деректер жаңартылып, өткен жылдың қорытындыларын шығаруға мүмкіндік туды.
2025 жылы қазақстандық авторлар Web of Science дерекқорының негізгі индекстеріне (SCIE, SSCI, AHCI) кіретін ғылыми журналдарда 4310 ғылыми мақала мен шолу жариялады. Бұл 2024 жылмен (3195) салыстырғанда 35%-ға артық. Осы көрсеткіш бойынша Қазақстан әлемде 65-орынға көтерілді (2024 жылы – 72-орын). Бұл 2023–2029 жылдарға арналған жоғары білім мен ғылымды дамыту тұжырымдамасының 13-индикаторы бойынша жоспарланған көрсеткіштен (71-орын) 6 сатыға жоғары нәтиже. Әлемдік көшбасшылар қатарында Қытай (971 214), АҚШ (444 632), Ұлыбритания (156 377), Үндістан (141 101) және Германия (131 633) тұр.
2025 жылдың қорытындысы бойынша Web of Science негізгі индекстеріндегі журналдарда жарияланған мақалалар мен шолулар санының Scopus дерекқорындағы жарияланымдар санына (дереккөз – SciVal) қатынасы 45,0%-ды құрады. Бұл өткен жылғы көрсеткіштен (41,4%) 3,6 пайыздық тармаққа жоғары. Алайда бұл көрсеткіш 2023–2029 жылдарға арналған жоғары білім мен ғылымды дамыту тұжырымдамасының 13-1-индикаторы бойынша белгіленген жоспарлы мәннен (50%) 5,0 пайыздық тармаққа төмен. Ал әлем бойынша бұл көрсеткіш 71,4%-ды құрап, 2024 жылмен салыстырғанда 0,4 пайыздық тармаққа төмендеді.
2025 жылы қазақстандық авторлар импакт-факторы бойынша бірінші квартильге (Q1) кіретін ғылыми журналдарда 2202 мақала мен шолу жариялады. Бұл 2024 жылмен (1515) салыстырғанда 45%-ға көп. Осы көрсеткіш бойынша Қазақстан 68-орынға көтерілді (2024 жылы – 76-орын).
Сонымен қатар, ҚР Ұлттық ғылым академиясының деректер базасы бойынша Қазақстанның ғылыми журналдар рейтингіндегі ең жоғары – 5-деңгейге кіретін журналдарда қазақстандық авторлардың 679 мақаласы мен шолуы жарияланды. Бұл 2024 жылмен (498) салыстырғанда 36%-ға артық.
Ал рейтингтің 5 және 4-деңгейіне кіретін журналдарда жарияланған мақалалар мен шолулар саны 2194-ке жетіп, 2024 жылмен (1665) салыстырғанда 32%-ға өсті.
Қазақстанның жоғары оқу орындары арасында Web of Science негізгі индекстеріне кіретін журналдарда ең көп жарияланым жасаған университеттер:
* Nazarbayev University – 1002 мақала (әлем университеттері арасында 1175-орын; 2024 жылы – 834 мақала, 1237-орын);
* Farabi University – 895 мақала (1261-орын; 2024 жылы – 571 мақала, 1617-орын);
* L.N. Gumilyov Eurasian National University – 452 мақала (2005-орын; 2024 жылы – 391 мақала, 2047-орын);
* Satbayev University – 323 мақала (2431-орын; 2024 жылы – 233 мақала, 2719-орын);
* Asfendiyarov Kazakh National Medical University – 170 мақала (3328-орын; 2024 жылы – 123 мақала, 3602-орын).
Ғылыми-зерттеу институттары арасында көш бастап тұрғандар:
* Ядролық физика институты – 179 жарияланым (2024 жылы – 124);
* QazBioPharm – 136 (2024 жылы – 66);
* Математика және математикалық модельдеу институты – 95 (2024 жылы – 81);
* Ұлттық биотехнология орталығы – 81 (2024 жылы – 47);
* Жану проблемалары институты – 46 (2024 жылы – 34);
* Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-дың Эксперименттік және теориялық физика институты – 45 (2024 жылы – 28).
Қазақстанның министрліктері арасында ең жоғары үлес қосқандар:
* Ғылым және жоғары білім министрлігі – 1911 жарияланым (2024 жылы – 1258);
* Ауыл шаруашылығы министрлігі – 17 (2024 жылы – 12);
* Энергетика министрлігі – 15 (2024 жылы – 9);
* Денсаулық сақтау министрлігі – 9 (2024 жылы – 7).
Бұл деректер Қазақстан ғылымының сандық қана емес, сапалық көрсеткіштері де тұрақты өсіп келе жатқанын айқын көрсетеді.
НАН РК