Сыйлықақыларды, мемлекеттік ғылыми стипендияларды беру қағидаларына және ғылым саласындағы атаулы сыйлықақылар мен мемлекеттік ғылыми стипендиялар алуға жұмыстарды қабылдау қағидаларына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы

24 тамыз 2026 12
Сыйлықақыларды, мемлекеттік ғылыми стипендияларды беру қағидаларына және ғылым саласындағы атаулы сыйлықақылар мен мемлекеттік ғылыми стипендиялар алуға жұмыстарды қабылдау қағидаларына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы

Құрметті достар!

 

Қазақстан Республикасы Ғылым және жоғары білім министрі міндетін атқарушының 2023 жылғы 14 қыркүйектегі №466 бұйрығымен бекітілген «Ғылым саласындағы сыйлықақыларды, мемлекеттік ғылыми стипендияларды беру қағидаларын бекіту туралы» бұйрығына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» және Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2020 жылғы 11 маусымдағы №242 бұйрығымен бекітілген «Ғылым саласындағы сыйлықақыларды, мемлекеттік ғылыми стипендияларды алуға жұмыстарды қабылдау» мемлекеттік көрсетілетін қызмет қағидаларына өзгерістер енгізу туралы» бұйрық жарияланды: https://zan.gov.kz/client/#!/doc/229096/kaz

Қағидаларға үміткерлерді іріктеу сапасын арттыруға және конкурстың ашықтығын қамтамасыз етуге мүмкіндік беретін маңызды өзгерістер енгізілді. Сондай-ақ олар «Ғылым және технологиялық саясат туралы», «Мемлекеттік және әлеуметтік жауапты қызметтер туралы» заңдарға, сондай-ақ Қазақстан Республикасының жаңа Цифрлық кодексіне енгізілген соңғы өзгерістерге сәйкестендірілді.

Негізгі жаңалықтар:

1.   «Ғылым және технологиялық саясат туралы» Заңға енгізілген өзгерістерге сәйкес жас ғалымның жаңа анықтамасы — ғылыми, ғылыми-зерттеу және (немесе) ғылыми-педагогикалық қызметте он жылдан аспайтын өтілі бар (бала үш жасқа толғанға дейін оның күтіміне байланысты кезеңді есепке алмағанда), ғылыми, ғылыми-зерттеу және (немесе) ғылыми-педагогикалық қызметті жүзеге асыратын, ғылыми және (немесе) ғылыми-техникалық қызмет нәтижелерін алатын және іске асыратын, қырық төрт жасты қоса алғанда сол жасқа дейінгі жеке тұлға.

2.   Жарияланымдар мен басқа да жетістіктер конкурс жарияланған жылды қоспағанда, соңғы бес жыл үшін есепке алынады (бұрын «конкурс жарияланған жылды қоса алғанда» болды). Жас ғалымдардың жұмыстары да конкурс жарияланған жылды қоспағанда, соңғы бес жыл ішінде орындалуы тиіс (бұрын «конкурс жариялауға алдыңғы жылды қоса алғанда, соңғы үш жыл ішінде» болды).

3.   Стипендия иегерлері тек бес жыл өткен соң ғана қайта ұсыныла алады (үш жылдың орнына).

4.   Келіп түскен өтінімдері бар әрбір ғылыми бағыт бойынша конкурс комиссиясы бір мемлекеттік ғылыми стипендиядан бөледі, содан кейін әрбір ғылыми бағыт бойынша келіп түскен өтінімдер санына байланысты мемлекеттік ғылыми стипендиялардың қалған санын бөледі.

5.   Конкурс комиссиясы конкурс жарияланған жылды қоспағанда, соңғы бес жыл ішінде Ғылыми этиканың үлгілік қағидаларын бұзған ғалымдар мен ғылыми қызметкерлерге сыйлықтар мен стипендиялар беруді ұсынбау туралы шешімді ашық дауыс беру арқылы, негіздемесін келтіре отырып қабылдайды.

6.   Үміткерлердің бағалау нәтижелерін алғаннан кейін бір күнтізбелік күн ішінде конкурс комиссиясының шешімін қайта қарау туралы өтініш беру мүмкіндігі. Бұл ретте апелляциялық комиссия сараптамалық сипаты бар, бағалауы конкурс комиссиясы мүшелерінің кәсіби пікіріне негізделген критерийлер бойынша конкурс комиссиясының шешімін қайта қарау туралы өтініштерді қарамайды.

7.   Ғылым саласындағы сыйлықтарды, мемлекеттік ғылыми стипендияларды алуға жұмыстарды қабылдау рәсімінен бас тарту туралы алдын ала шешім және тыңдау сатылары алынып тасталды. Негіздер болған кезде 2 (екі) жұмыс күні ішінде бас тарту себептері көрсетілген хабарлама жіберіледі.

8.   Практикалық және қолданбалы маңыздылықпен қатар сауалнамаларда миллион теңгемен экономикалық әсерді және мың адаммен қамтуды көрсету қажет.

Қағидаларды жетілдіруге бағытталған ҚР Президентінің жанындағы ҚР Ұлттық ғылым академиясының ұсыныстарын қолдағаны үшін ҚР Ғылым және жоғары білім министрлігіне алғыс айтамыз.

НАН РК