2026 жылғы 18 қыркүйекте Қазақстан Республикасы Президентінің жанындағы Қазақстан Республикасының Ұлттық ғылым академиясында агроөнеркәсіп саласындағы ғылыми-өндірістік ынтымақтастықты дамытуға арналған ғылым мен бизнес өкілдерінің кездесуі өтті.

18 қыркүйек 2026 36
2026 жылғы 18 қыркүйекте Қазақстан Республикасы Президентінің жанындағы Қазақстан Республикасының Ұлттық ғылым академиясында агроөнеркәсіп саласындағы ғылыми-өндірістік ынтымақтастықты дамытуға арналған ғылым мен бизнес өкілдерінің кездесуі өтті.
Кездесуге Қазақстан Республикасының Ұлттық ғылым академиясы, «PetroKazakhstan» АҚ, ең ірі CITIC Group (China International Trust and Investment Corporation) компаниясының Ауыл шаруашылығы дақылдарының тұқым шаруашылығы институты, сондай-ақ Пекиннің Longping High-Tech («Лунпин Гаокэ») тұқым шаруашылығы ғылыми-зерттеу компаниясының және «Дади Тяньцзэ» ауыл шаруашылығы технологиялары» ЖШС компаниясының өкілдері қатысты.
Тараптар селекция және тұқым шаруашылығы, озық агротехнологиялар трансферті, бірлескен ғылыми зерттеулер мен өндірістік сынақтар жүргізу, сондай-ақ Қазақстанның табиғи-климаттық жағдайларына бейімделген жоғары өнімді әрі құрғақшылыққа төзімді ауыл шаруашылығы дақылдарының сорттарын енгізу саласындағы ынтымақтастық келешегін талқылады.
Жүгері, бидай, құмай (сорго), күнбағыс, рапс және басқа да ауыл шаруашылығы дақылдары бойынша бірлескен зерттеулерді дамытуға, демонстрациялық және тәжірибелік алаңдар құруға, сондай-ақ «селекция және тұқым шаруашылығы — заманауи агротехнологиялар — ауыл шаруашылығы өнімдерін терең өңдеу» моделі бойынша кешенді ғылыми-өндірістік тізбек қалыптастыруға ерекше назар аударылды.
Кездесуге қатысушылар ҚР ҰҒА ғылыми әлеуетін, халықаралық технологиялық тәжірибені және бизнестің өндірістік мүмкіндіктерін біріктіру заманауи аграрлық технологияларды енгізуді жеделдетуге, ауыл шаруашылығы өндірісінің өнімділігін арттыруға және Қазақстан территориясында бірлескен жобаларды жүзеге асыруға жағдай жасауға мүмкіндік беретінін атап өтті.
Кездесу қорытындысы бойынша тараптар Ынтымақтастық туралы келісім дайындауға және қол қоюға, сондай-ақ бірлескен ғылыми-зерттеу және ғылыми-өндірістік жобалардың жол картасын әзірлеуге кірісуге уағдаласты.
Тараптар ғылыми әзірлемелерді практикада қолдануға және Қазақстанның агроөнеркәсіптік кешенін дамытуға бағытталған ғылым мен бизнес арасындағы ұзақ мерзімді серіктестікті қалыптастыруға өзара мүдделілік білдірді.
НАН РК