ҚР ҰҒА президенті А.Қ. Күрішбаевтың Шэньчжэнь қаласына (ҚХР) жасаған іссапарының қорытындысы
Шэньчжэнь қаласы Қытайдағы жасанды интеллект технологияларын дамыту бойынша жетекші орталықтардың бірі әрі «ақылды қала» (Smart City) технологиялары негізінде басқарылатын заманауи мегаполис саналады.
2026 жылғы 16–17 маусым күндері ҚР Президентінің жанындағы Қазақстан Республикасының Ұлттық ғылым академиясының президенті Ақылбек Күрішбаев Шэньчжэнь қаласының муниципалитеті өкілдерімен, Шэньчжэнь университетінің ғалымдарымен кездесулер өткізді. Сонымен қатар Unitech, Shenzhen L& Planning Design Consulting және Netac секілді жетекші IT-компаниялардың басшылық құрамымен жүздесіп, Шэньчжэнь ғылыми паркінің қызметімен танысты.
Кездесулер барысында қытайлық академиктердің қолдауымен ҚР ҰҒА жанынан «Ақылды қала» (Smart City) институтын құру мәселесі талқыланды. Сондай-ақ Қытайдың жетекші IT-компанияларының қатысуымен «Алатау City» қаласында Ғылыми-технологиялық парк салу перспективалары қарастырылды.