ҒЫЛЫМ ЖӘНЕ ЛОГИСТИКА: ҚАЗАҚСТАН ҮШІН ЖАҢА МҮМКІНДІКТЕР

02 шілде 2026 25
ҒЫЛЫМ ЖӘНЕ ЛОГИСТИКА: ҚАЗАҚСТАН ҮШІН ЖАҢА МҮМКІНДІКТЕР
Қазақстан Республикасы Президентінің жанындағы Ұлттық ғылым академиясында ғылыми қауымдастық, логистика саласы, бизнес және мемлекеттік органдар өкілдерінің қатысуымен сарапшылық талқылау өткізілді.
Отырыс барысында Қазақстанның логистика саласын ғылыми тұрғыдан сүйемелдеудің перспективалы бағыттары, саланың өзекті сын-қатерлері және еліміздің көлік-логистикалық жүйесінің тиімділігін арттыру жолдары талқыланды.
Жиында халықаралық логистикалық дәліздерді дамытуға, саланы цифрлық трансформациялауға, жасанды интеллект технологияларын қолдануға, экологиялық және киберқауіпсіздік мәселелеріне, сондай-ақ шекара маңы инфрақұрылымын жетілдіруге ерекше назар аударылды.
Қатысушылар ғылым, бизнес және мемлекеттік органдардың әлеуетін біріктіру Еуразиядағы негізгі логистикалық тораптардың бірі ретіндегі Қазақстанның бәсекеге қабілеттілігін арттыруға мүмкіндік беретін заманауи ғылыми шешімдерді әзірлеудің маңызды алғышарты екенін атап өтті.
Талқылау барысында университеттер, ғылыми-зерттеу институттары, салалық ұйымдар және бизнес өкілдері арасындағы ғылыми ынтымақтастықты кеңейту мүмкіндіктері, сондай-ақ логистика саласына озық ғылыми әзірлемелер мен инновациялық технологияларды енгізу мәселелері қарастырылды.
Қазақстан Республикасы Президентінің жанындағы Ұлттық ғылым академиясы логистика саласының орнықты дамуын қамтамасыз етуге және еліміздің ғылыми-технологиялық әлеуетін нығайтуға бағытталған ғылыми негізделген шешімдерді әзірлеу мақсатында ғылым, мемлекеттік органдар және бизнес өкілдерін біріктіретін ашық сарапшылық диалог алаңы ретіндегі қызметін алдағы уақытта да жалғастырады.
НАН РК