Сенат төрағасы Мәулен Әшімбаев Алматыда өткен "ғылыми-технологиялық саясатты" құқықтық іске асыру бойынша дөңгелек үстелге қатысты

25 ақпан 2025 6
Сенат төрағасы Мәулен Әшімбаев Алматыда өткен "ғылыми-технологиялық саясатты" құқықтық іске асыру бойынша дөңгелек үстелге қатысты

Сенат Төрағасы Мәулен Әшімбаев Алматыда өткен «Ғылыми-технологиялық саясатты» құқықтық іске асыру бойынша дөңгелек үстелге қатысты. Кездесуде ұлттық заңнамаға енгізілетін өзгерістер, ғылымды дамыту, инновацияларды енгізу және елдің бәсекеге қабілеттілігін арттыру мәселелері талқыланды.

Мәулен Әшімбаев Мемлекет басшысының бастамасымен ғалымдарды қолдау бағытында маңызды реформалар жүзеге асырылып жатқанын атап өтті. Соңғы төрт жылда ғылымды қаржыландыру үш есеге өсті. Спикер ғылым экономикамен және қоғаммен тығыз байланыста жұмыс істеп, нақты нәтижелер беруі тиіс екенін қадап айтты.

Жиында жасанды интеллект, биотехнология, экология, ауыл шаруашылығы ғылымы және баламалы энергетика сияқты салалардың маңыздылығына ерекше назар аударылды. Сенат алдағы заң шығару жұмысында ғалымдардың ұсыныстарын егжей-тегжейлі қарастыратын болады.

НАН РК