ҚҰРМЕТТІ ЖУРНАЛИСТЕР, БҰҚАРАЛЫҚ АҚПАРАТ ҚҰРАЛДАРЫНЫҢ ҚЫЗМЕТКЕРЛЕРІ!

28 маусым 2026 17
ҚҰРМЕТТІ ЖУРНАЛИСТЕР, БҰҚАРАЛЫҚ АҚПАРАТ ҚҰРАЛДАРЫНЫҢ ҚЫЗМЕТКЕРЛЕРІ!
Сіздерді кәсіби мерекелеріңіз – Бұқаралық ақпарат құралдары қызметкерлері күнімен шын жүректен құттықтаймын!
Қоғам мен уақыттың үнін жеткізетін, ақиқат пен әділдіктің жаршысы болып келе жатқан журналистика – мемлекет дамуының, қоғамдық сананың және ұлттық құндылықтардың қалыптасуына өлшеусіз үлес қосатын аса маңызды сала.
Ғылым мен журналистиканы тоғыстыратын ортақ құндылық – шындыққа адалдық. Ғалым жаңа білімді қалыптастырса, журналист сол білімді қоғамға жеткізіп, оның маңызын түсіндіреді. Сондықтан ғылымның жетістігі зертханада дүниеге келсе, оның қоғамдық құндылыққа айналуы сіздердің кәсіби еңбектеріңізбен жалғасады.
Бүгінде еліміздің ғылыми әлеуетін нығайту, отандық ғылымды халықаралық деңгейде таныту, жас ғалымдарды қолдау және ғылыми жетістіктерді халыққа кеңінен насихаттау бағытындағы жұмыстарда бұқаралық ақпарат құралдарының рөлі айрықша. Ғылымдағы әрбір жаңалықтың, әрбір маңызды бастаманың, әрбір тың жобаның ел игілігіне қызмет етуі – оны дер кезінде, сауатты әрі кәсіби түрде көпшілікке жеткізе білген журналистердің қажырлы еңбегінің нәтижесі.
Осы орайда Қазақстан Республикасы Президенті жанындағы Ұлттық ғылым академиясының атынан ғылым тақырыбын тұрақты көтеріп, отандық ғалымдардың еңбегін кеңінен насихаттап жүрген барлық журналистерге, редакторларға, теле-радио жүргізушілеріне, фотографтар мен операторларға, ақпарат агенттіктері мен цифрлық медианың қызметкерлеріне шынайы ризашылығымды білдіремін.
Сіздердің кәсібиліктеріңіз, ұқыптылықтарыңыз, жауапкершіліктеріңіз бен қоғам алдындағы адал қызметтеріңіздің арқасында ғылымның күрделі әлемі көпшілікке түсінікті әрі жақын бола түсуде. Бұл – ғылым мен қоғам арасындағы сенімді көпір қалыптастыру жолындағы үлкен еңбек.
Алдағы уақытта да ғылым мен журналистиканың өзара серіктестігі нығайып, жаңа идеялар мен жаңашыл бастамалардың жаршысы бола беретініңізге сенім білдіремін.
Сіздерге зор денсаулық, шығармашылық шабыт, қаламдарыңызға қуат, тың ізденістер мен кәсіби табыс тілеймін! Ел игілігі жолындағы еңбектеріңіз әрдайым жоғары бағаланып, абыройларыңыз арта берсін!
Құрметпен,
Ақылбек Күрішбаев
Қазақстан Республикасы Президенті жанындағы
Ұлттық ғылым академиясының президенті
НАН РК