III ХАЛЫҚАРАЛЫҚ ЖАС ҒАЛЫМДАР КОНГРЕСІ
АҚПАРАТТЫҚ ХАТ
Қазақстан Республикасы Президентінің жанындағы Қазақстан Республикасының Ұлттық ғылым академиясы Қазақстан Ұлттық ғылым академиясының 80 жылдығына орай өткізілетін III ХАЛЫҚАРАЛЫҚ ЖАС ҒАЛЫМДАР КОНГРЕСІ туралы хабарлайды.
Академияның мерейтойлық жылында Конгрестің негізгі тақырыбы ғылыми буындар сабақтастығына арналады. Оның аясында ғылыми мектептерді сақтау және дамыту, білім мен зерттеу дәстүрлерін кейінгі буынға жеткізу, танымал ғалымдар мен жаңа буын зерттеушілерінің өзара ықпалдастығы, сондай-ақ Қазақстан ғылымының болашағын қалыптастырудағы жас ғалымдардың рөлі кеңінен талқыланады.
III Халықаралық жас ғалымдар конгресі 2026 жылғы 12–13 қарашада Алматы қаласында өтеді.
Негізгі іс-шаралар «Ғылым ордасы» ғимаратында (Шевченко көшесі, 28), ал тақырыптық ғылыми конференциялар Алматы қаласының жетекші жоғары оқу орындарының базасында ұйымдастырылады.
Конгрестің мақсаттары:
· ғылыми буындар сабақтастығын нығайту және танымал ғалымдар мен жас зерттеушілер арасындағы диалогті дамыту;
· ғылыми нәтижелер, идеялар мен тәжірибе алмасуға арналған тұрақты халықаралық және пәнаралық алаң қалыптастыру;
· Қазақстанның ғылыми мектептерін сақтау және дамыту, жаңа зерттеу бағыттары мен бастамаларды қолдау;
· жас ғалымдардың ғылыми-зерттеу құзыреттерін жетілдіру және кәсіби байланыстарын кеңейту;
· қазақстандық жас зерттеушілердің халықаралық ғылыми кеңістікке интеграциялануына ықпал ету;
· ғылымды және жас ғалымдардың жетістіктерін кеңінен насихаттау;
· жасанды интеллект, технологиялар трансфері және ғылыми зерттеу нәтижелерін коммерцияландыруды қоса алғанда, ғылым дамуының заманауи сын-қатерлерін талқылау;
· ғылыми ортаны одан әрі дамыту және жас зерттеушілерді қолдау жөніндегі ұсыныстар мен ұсынымдар әзірлеу.
Конгресс ғылыми буындар, ғылыми мектептер мен зерттеу бағыттары арасындағы мазмұнды диалогке арналған маңызды алаңға айналады. Ол жетекші ғалымдарды, жас зерттеушілерді, мемлекеттік органдардың, жоғары оқу орындарының, ғылыми ұйымдардың, бизнес саласының және халықаралық ғылыми қауымдастықтың өкілдерін біріктіреді.
Конгресс аясында пленарлық форум, бес тақырыптық ғылыми конференция, «Ғылымдағы жасанды интеллект» панельдік сессиясы, ғылыми және ғылыми-техникалық қызмет нәтижелерін коммерцияландыру мәселелеріне арналған дөңгелек үстел, шеберлік сабақтары, воркшоптар және өзге де ғылыми іс-шаралар өткізу жоспарланған.
Ғылыми конференциялар келесі бағыттар бойынша өтеді:
1. ЖАРАТЫЛЫСТАНУ ҒЫЛЫМДАРЫ
2. ЖЕР, ҒАРЫШ ЖӘНЕ КОММУНИКАЦИЯЛАР
3. АГРОБИОРЕСУРСТАР ЖӘНЕ ЭКОЛОГИЯ
4. ӨМІР ЖӘНЕ ДЕНСАУЛЫҚ
5. БІЛІМ ЖӘНЕ АЗАМАТТЫҚ ҚОҒАМ
Пленарлық форум
Конгрестің басты іс-шарасы Қазақстан Ұлттық ғылым академиясының 80 жылдығына және ғылыми буындар сабақтастығына арналған пленарлық форум болмақ.
Форум жұмысына отандық және шетелдік ғылыми қауымдастықтың беделді өкілдері, жас ғалымдар, танылған ғылыми көшбасшылар және Қазақстан ғылымының әр буынының өкілдері қатысады.
Ғылыми мектептерді дамытуға, зерттеу мәдениеті мен ғылыми білімді жаңа буынға жеткізуге, тәлімгерлік институтының рөліне, халықаралық ғылыми ынтымақтастыққа, сондай-ақ ғылымның болашағы үшін жас ғалымдардың жауапкершілігіне ерекше назар аударылады.
«Ғылымдағы жасанды интеллект» панельдік сессиясы
Арнайы панельдік сессия заманауи ғылымдағы жасанды интеллектінің рөліне арналады.
Қатысушылар жасанды интеллект технологияларын ғылыми зерттеулерде қолдану, деректерді өңдеу және интерпретациялау, жаңа зерттеу әдістерін дамыту мүмкіндіктерін, сондай-ақ жасанды интеллект қарқынды дамып отырған жағдайда ғылыми этика, зерттеу нәтижелерінің сенімділігі және зерттеуші кәсібінің трансформациясы мәселелерін талқылайды.
Ғылыми әзірлемелерді коммерцияландыру жөніндегі дөңгелек үстел
Конгресс аясында ғылыми және ғылыми-техникалық қызмет нәтижелерін коммерцияландыру мәселелеріне арналған дөңгелек үстел өтеді.
Оған ғалымдар, инновациялық бизнес өкілдері, жоғары оқу орындары, ғылыми ұйымдар және даму институттарының өкілдері қатысады.
Негізгі назар технологиялар трансферінің тетіктеріне, ғылым мен бизнестің өзара іс-қимылына, ғылыми стартаптарды қолдауға, зияткерлік меншікті қорғауға және отандық ғылыми әзірлемелерді практикалық қолданысқа енгізуге жағдай жасауға аударылады.
Конгресс жұмысына мемлекеттік лауазымды тұлғалар, Қазақстан мен шет мемлекеттердің белгілі ғалымдары, отандық және шетелдік жоғары оқу орындары мен ғылыми орталықтарда еңбек ететін жетекші жас зерттеушілер, халықаралық ұйымдардың өкілдері, Ұлттық ғылым академиясының академиктері, Қазақстан Республикасы Парламентінің депутаттары, жоғары оқу орындарының ректорлары, ғылыми-зерттеу ұйымдарының басшылары, Қазақстан Республикасы Президентінің жанындағы Ғылым және технологиялар жөніндегі ұлттық кеңестің, Ұлттық құрылтайдың, сондай-ақ елдің ғылыми және инновациялық қоғамдастығының өкілдері қатысады.
Конгресс аясындағы маңызды іс-шаралар:
· ғылыми еңбектері халықаралық басылымдарда ең көп дәйексөз алынған Қазақстанның жетекші жас ғалымдарын Академияның «ҚАЗАҚ ҒЫЛЫМЫНЫҢ ҮМІТІ» арнайы сыйлығымен (Academy Most Cited Researcher Award) марапаттау;
· жетекші отандық және шетелдік ғалымдардың шеберлік сабақтары мен воркшоптарын өткізу;
· жас зерттеушілердің Қазақстанның түрлі буындағы ғылыми мектеп өкілдерімен кездесулерін ұйымдастыру;
· ғылыми және инновациялық әзірлемелердің таныстырылымдарын өткізу;
· жаңа пәнаралық және халықаралық ғылыми ынтымақтастықтарды дамытуға бағытталған жас ғалымдар нетворкингін ұйымдастыру.
Сонымен қатар Конгресс аясында жас ғалымдар мен жас зерттеушілердің заманауи ғылыми және инновациялық әзірлемелеріне арналған ғылыми-танымдық көрме ұйымдастырылады.
III Халықаралық жас ғалымдар конгресінің қорытындысы бойынша ғылымды дамыту, жас зерттеушілерді қолдау, ғылыми буындар сабақтастығын қамтамасыз ету, сондай-ақ ғылым, мемлекет және бизнес арасындағы өзара іс-қимылды нығайту мәселелері бойынша ұсыныстар мен ұсынымдар әзірленеді.
Қосымша ақпарат алу үшін ұйымдастыру комитетіне көрсетілген байланыс деректері арқылы немесе +7 775 943 03 05 телефоны бойынша хабарласуға болады
(Әлиханов Қуантар Дәуленұлы).
Құрметпен,
III Халықаралық жас ғалымдар конгресінің
ұйымдастыру комитеті