«Қуатты өңірлік ғылым – Қуатты өңір»

05 мамыр 2026 26
«Қуатты өңірлік ғылым – Қуатты өңір»

Мемлекет басшысының Қазақстан халқына Жолдауында айтылған тапсырмаларын іске асыру, атап айтқанда экономиканың шикізаттық моделінен өнімді терең өңдеуді дамытуға көшу, су ресурстарын ұтымды пайдалануды қамтамасыз ету, экономика салаларын басқаруға цифрлық технологияларды енгізу, сондай-ақ елдің әлеуметтік-экономикалық дамуындағы өңірлік ғылымның рөлін күшейту мақсатында Қазақстан Республикасы Президентінің жанындағы Қазақстан Республикасының Ұлттық ғылым академиясы 2026 жылғы 5–6 мамыр күндері Қызылорда облысының Қызылорда қаласында Академия Президиумының көшпелі отырысын өткізеді.

Іс-шара барысында өңірлік ғылымды дамытудың өзекті мәселелері, оның әлеуметтік-экономикалық дамудағы рөлі, сондай-ақ ғылымның тиімділігін индустрияның технологиялық міндеттері мен өңірдің нақты проблемаларын шешуге бағыттау арқылы арттыру мәселелері талқыланады. Сонымен қатар су ресурстарын басқару, экологиялық мәселелерді шешу, озық технологиялар мен ғылыми әзірлемелерді енгізу, табиғи ресурстарды тиімді пайдалану, денсаулық сақтау, экологиялық тұрақтылық және агроөнеркәсіптік кешенді дамыту бағыттарындағы ғылымның үлесі қарастырылады.

Өңірдің өзекті мәселелерін талқылауға Қазақстан Республикасы Ұлттық ғылым академиясының президенті А.Қ.Күрішбаев, Қызылорда облысының әкімі Н.М.Нәлібаев, мемлекеттік органдар мен ведомстволардың өкілдері, академиктер, жоғары оқу орындары мен ғылыми-зерттеу институттарының басшылары, бизнес өкілдері және жетекші ғалымдар қатысады.

Отырыс барысында өңірдің ғылыми-технологиялық дамуының басым бағыттары қаралады. Олардың қатарында су шаруашылығы, агроөнеркәсіптік кешен, геология және тау-кен өнеркәсібі, экология, шикізатты қайта өңдеу және адами капиталды дамыту мәселелері бар.

Негізгі бағыттар мен талқыланатын мәселелер:

  • Су ресурстарын басқару – өңірді сумен қамтамасыз етуге бағытталған ғылыми шешімдерді әзірлеу және енгізу, оның ішінде жерасты суларын пайдалану, мониторинг, модельдеу және шешім қабылдауды қолдау жүйелерін дамыту, сондай-ақ су ресурстарын басқарудың интеллектуалды жүйелерін енгізу;
  • «DeepBas» жобасының таныстырылымы – бұл жоба су ресурстарын басқарудың отандық интеллектуалды жүйесін қалыптастырудың негізі ретінде қарастырылады;
  • Агроөнеркәсіптік кешенді дамыту – құрғақшылыққа және тұзға төзімді дақылдарды енгізу, күріш шаруашылығын дамыту, суармалы егіншіліктің тиімділігін арттыру және ауыл шаруашылығында биотехнологияларды қолдану;
  • Экологиялық тұрақтылық – Арал өңірінің проблемаларын шешу, жердің тозуына және топырақтың тұздануына қарсы күрес, табиғи ресурстарды ұтымды пайдалану;
  • Қайта өңдеу саласын ғылыми қамтамасыз ету – ауыл шаруашылығы, минералдық және техногендік шикізатты терең өңдеу технологияларын дамыту арқылы өнімнің қосылған құнын арттыру;
  • Тау-кен өнеркәсібі және ресурстар – минералдық шикізатты кешенді қайта өңдеу, экологиялық қауіпсіз технологияларды енгізу және өңірдің ресурстық әлеуетін тиімді пайдалану;
  • Цифрландыру және ғылым – шешім қабылдауды қолдау жүйелерін қалыптастыру, ғылыми инфрақұрылымды дамыту және өңір үшін білікті кадрлар даярлау.

 

Іс-шара аясында:

Форсайт-сессия: 5 мамыр күні өңірлік экономика мен бизнестің нақты қажеттіліктеріне ғылыми зерттеулерді үйлестіруге бағытталған стратегиялық сессия өтеді.

Жетістіктер көрмесі: 6 мамыр күні отандық ғалымдардың өндіріске енгізуге дайын инновациялық әзірлемелері ұсынылатын көрме ұйымдастырылады.

Өңірлік ғылымды дамытудың өзекті мәселелері, оның әлеуметтік-экономикалық дамудағы рөлі, сондай-ақ индустрияның технологиялық міндеттері мен өңірдің нақты проблемаларын шешуге бағыттау арқылы ғылымның тиімділігін арттыру мәселелері талқыланады. Сонымен қатар ғылымның су ресурстарын басқаруға, экологиялық мәселелерді шешуге, озық технологиялар мен ғылыми әзірлемелерді енгізуге, табиғи ресурстарды тиімді пайдалануға, денсаулық сақтауды, экологиялық тұрақтылықты және агроөнеркәсіптік кешенді дамытуға қосатын үлесі қарастырылады.

Отырыс қорытындысы бойынша Қызылорда облысында су ресурстарын басқару, экология, қайта өңдеу және тамақ өнеркәсібін перспективалы әрі тиімді дамытуға бағытталған қарар мен бірлескен жұмыс жоспары әзірленеді.

 

 

Іс-шаралар бағдарламасы:

5 мамыр (сейсенбі), сағат 10:00-де: Өңірлік ғылыми әлеуетті дамыту, ғылым мен индустрияны интеграциялау, басымдықтарды айқындау және ғылыми-техникалық тапсырмаларды әзірлеу бойынша форсайт-сессия. Өтетін орны: Қызылорда қаласы, Ы. Жахаев көшесі, 75, Қорқыт ата атындағы университеттің Студенттер сарайы.

6 мамыр (сәрсенбі), сағат 09:00-де: Академия Президиумының көшпелі отырысы және ғылыми жетістіктер көрмесі. Өтетін орны: Қызылорда қаласы, Сұлтан Бейбарыс көшесі, 1, Г блогы, 3-қабат, конференц-зал.

 

Қосымша ақпарат үшін: Алиханов Қуантар Дәуленұлы, + 7 775 943 03 05

НАН РК