«Уран және сирек металдар өнеркәсібін дамыту» Атты XII халықаралық ғылыми-практикалық конференциясы

30 наурыз 2026 22
«Уран және сирек металдар өнеркәсібін дамыту» Атты XII халықаралық ғылыми-практикалық конференциясы

АҚПАРАТТЫҚ ХАТ

 

«Қазатомөнеркәсіп ҰАК» АҚ және «Қазақстан-Британ техникалық университеті» АҚ Сізді 2026 жылғы 13-15 мамыр аралығында өтетін «Уран және сирек кездесетін металл өнеркәсібін дамыту» атты XII халықаралық ғылыми-практикалық конференцияға (бұдан әрі – Конференция) қатысуға шақырады. Конференция Қазақстан Республикасы Президентінің жанындағы «Қазақстан Республикасының Ұлттық ғылым академиясы» КЕАҚ қолдауымен өтеді.

Конференция өтетін орын: «Қазақстан-Британ техникалық университеті» АҚ, Төле би көшесі, 59, Алматы, Қазақстан Республикасы.

Конференцияның мақсаты - атом саласының тиімділігін, қауіпсіздігін және тұрақтылығын арттыруға, сондай-ақ отандық ғылыми әлеуетті дамытуға бағытталған білім мен үздік тәжірибелермен алмасуға ықпал ету.

Іс-шара аясында келесі секциялар бойынша өзекті мәселелер мен жаңа бағыттар қарастырылады:

  • Геология, геотехнологиялар және кен дайындау жұмыстары;
  • Уран өндіру және өңдеу технологиялары;
  • Реакторға дейінгі ядролық - отын циклінің технологиялары және өзекті мәселелері
  • Сирек және сирекжер металдарын өндірудің ресурстық базасы мен тиімді технологиялары, сондай-ақ олардың негізіндегі жоғары технологиялық өнімдер;
  • Атом саласындағы кәсіпорындардың қауіпсіздігі мен тұрақты дамуы. Техногендік қалдықтарды басқару, өнеркәсіптік және экологиялық қауіпсіздік;
  • Тұрақты даму және ESG күн тәртібі: экология, әлеуметтік жауапкершілік және корпоративтік басқару;
  • Атом өнеркәсібіндегі цифрландыру және роботтандыру.

 

Конференция барысында жас ғалымдар ғылымын дамытуға ерекше назар аударылады. Шара аясында Қазақстан жас ғалымдар кеңесінің Дөңгелек үстелі өтеді. Онда жас зерттеушілердің өзара ынтымақтастығы мен саланың технологиялық дамуына бағытталған ғылыми бастамалар талқыланады.

Конференцияға тыңдаушы ретінде де, баяндама жасаушы ретінде де қатысуға болады. Ғылыми жұмыстардың авторлары өз зерттеу нәтижелерін ауызша баяндама немесе тақырыптық секциялардың бірінде презентация түрінде ұсына алады.

Маңызды мерзімдер:

• 2026 жылғы 20 сәуіріне дейін – конференция жинағына енгізу үшін қатысу өтінімдері мен баяндамалар мәтіндерін (MS Word форматында) қабылдау аяқталады;

• 2026 жылғы 20 сәуіріне дейін – баяндамалардың презентацияларын (MS PowerPoint форматында) қабылдау аяқталады.

Қатысу ережелері, тезиске қойылатын талаптар және тіркеу нысаны туралы толық ақпарат конференцияның ресми сайтында орналастырылған: https://uranconference.kz/ , info.kap@kbtu.kz .

Сізді және сіздің ұйымыңыздың өкілдерін XII Халықаралық ғылыми-практикалық конференцияға қатысушылардың қатарында көруге қуаныштымыз және жемісті ынтымақтастыққа үміттенеміз.

НАН РК